Астанадағы тұрғын үйлердің бірінің ауласында алкогольдік масаң күйдегі жастар тобы қатысқан жанжал болды. Полицияның мәліметінше, тұрғындардың бірі газ тапаншасынан ауаға ескерту ретінде оқ атқан.
НЕ БЕЛГІЛІ
Астана қаласы полиция департаментінің (ПД) мәліметінше, атыс туралы хабарлама тұрғын үй ауласынан түскен. Оқиға орнына патрульдік полиция келді.
Алдын ала мәліметтер бойынша, алкогольдік масаң күйдегі жастар тобы өзін агрессивті ұстаған. Тұрғындардың бірі болып жатқан жағдайды тоқтатуға тырысып, газ тапаншасынан ауаға оқ атқан.
АТЫСТАН КЕЙІН НЕ БОЛДЫ
Оқиғадан кейін жанжалға қатысқандардың барлығы ұсталып, полицияға жеткізілді. Құқық қорғау органдары қатысушылардың әрекеттеріне құқықтық баға беріп, заңнамаға сәйкес шаралар қабылдайтынын мәлімдеді.
Сонымен қатар полиция тұрғындардың жараланғаны туралы ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін атап өтті.
Фонд-бюро расследования коррупции