Абай облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы бұзушылықтарды анықтады.
Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, тексеру жергілікті атқарушы органдардың 2023 жылы табылған 347 рұқсат етілмеген үйіндіні жою туралы формальды түрде есеп бергенін көрсетті. Алайда, 2024 жылдың соңына қарай өңір аумағында 233 жаңа рұқсат етілмеген қоқыс жиналымдары табылып, оның 80-і бұрын «жойылған» деп танылған орындарда орналасқан.
«Бұл жергілікті атқарушы органдардың аталған объектілерді жою бойынша қабылдап жатқан шараларының формальды тәсілмен жүргізіліп, жеткілікті тиімді болмағанын көрсетеді», - делінген хабарламада.
Тексеру қорытындысы бойынша Аягөз, Бородулиха, Жарма және Бесқарағай аудандары әкімдерінің орынбасарлары, сондай-ақ Семей қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Естеріңізге сала кетейік, маусым айында біз жазғандай, Абай облысы Көкпекті ауданы полицейлері «Таза Қазақстан» республикалық бастамасы және «Полиция тазалық үшін» ведомстволық бағдарламасы аясында заңсыз үйінділерді анықтау үшін ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолданады.
Фонд-бюро расследования коррупции