Сайлау науқаны кезеңінде жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын қолдана отырып жасалған, саяси партиялар өкілдерінің бейнелері заңсыз пайдаланылған бейнематериалдардың таралу жағдайлары тіркелуде. Азаматтарды мұндай ақпаратты тек ресми көздерден тексеруге және расталмаған контентті таратпауға шақырды.
ҚАНДАЙ МАТЕРИАЛДАР ТІРКЕЛУДЕ
Диссимментацияға қарсы күрес орталығының мәліметінше, ақпараттық кеңістікте ЖИ қолданып жасалған бейнематериалдар пайда болуда. Оларда саяси партиялар өкілдерінің бейнелері заңсыз пайдаланылуда.
Орталықтың атап өтуінше, мұндай материалдар ақпараттық әсер ету және қоғамдық пікірді манипуляциялау құралы ретінде пайдаланылуы мүмкін.
Ведомствоның ақпараты бойынша, олардың таралуы сайлау процесіне қатысушылардың беделін түсіруге, саяси партиялардың сайлауалды бағдарламалары мен үгіт-насихат қызметінен қоғам назарын аударуға, сондай-ақ дауыс беру қарсаңында қоғамдық маңызы бар ақпаратты бұрмалап қабылдауды қалыптастыруға бағытталуы мүмкін.
АҚПАРАТТЫ ҚАЛАЙ ТЕКСЕРУ ҰСЫНЫЛАДЫ
Орталық саяси партиялар атынан жасалған мәлімдемелерді, үндеулерді, бейнематериалдарды және басқа да жарияланымдарды, ең алдымен, олар тиісті саяси партиялардың ресми ақпараттық ресурстарында орналастырылған немесе жарияланатын ақпараттың дұрыстығына жауап беретін тіркелген бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратылған жағдайда ғана шынайы деп санауды ұсынады.
Сондай-ақ азаматтарды ақпараттық сақтықты сақтауға, таратылатын контентті сыни тұрғыдан бағалауға және оның дұрыстығы расталғанға дейін оны одан әрі таратудан бас тартуға шақырды.
ДИПФЕЙК БЕЛГІЛЕРІ БОЛҒАНДА НЕ ІСТЕУГЕ КЕҢЕС БЕРІЛЕДІ
Жасанды генерация, монтаж немесе нақты пікірлерді бұрмалау белгілері болған кезде ақпаратты ресми көздер бойынша тексеру және расталмаған материалдардың таралуына ықпал етпеу ұсынылады.
Фонд-бюро расследования коррупции