Ұлытау облысында марганец кенін заңсыз өндіру және қайта өңдеуді ұйымдастырды деп күдіктелген топтың қызметі тоқтатылды. Тергеу деректері бойынша, 23 мың тоннадан астам өнім 1 млрд теңгеден асатын сомаға сатылған.
ӨНДІРУ ҚАЛАЙ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) деректеріне сәйкес, күдіктілер пайдаланылған карьерді рекультивациялау жұмыстарының атын жамылып әрекет еткен. Тергеу анықтағандай, сол жерде ауыр карьерлік техникасы мен ұсақтау-жуу жабдықтары бар тау-кен байыту кешені жұмыс істеген.
Өндірілген кен тауарлық концентратқа қайта өңделіп, одан кейін теміржол көлігімен көршілес мемлекеттерге экспортқа жіберілген. Шикізатты жүйелі түрде тиеу үшін күдіктілер теміржол тұйығын жалдаған.
ҚАНДАЙ ЗАЛАЛ АНЫҚТАЛДЫ
Тергеу нұсқасы бойынша, сатылған өнім көлемі 23 мың тоннадан асып, оның құны 1 млрд теңгеден астамды құраған.
Осы қызметтің нәтижесінде экологиялық залал келтірілген. Бұзылған жерлерді рекультивациялау құны 150 млн теңгеден асады.
ІС ҚАНДАЙ САТЫДА ТҰР
Тергеу жалғасуда. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жарияланбайды.
Фонд-бюро расследования коррупции