Қазақстанның мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде 1 шілдеден 21 шілдеге дейін 1342 жанар-жағар май материалдарын (ЖЖМ) заңсыз шығару әрекеті тіркелді. Мұнай өнімдерін заңсыз жылжыту әрекеттері кезінде тәркіленген жалпы көлем 112 тоннадан асты.
НЕ БОЛДЫ
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі (ҰҚК) мемлекеттік шекара арқылы мұнай өнімдерін заңсыз шығарудың алдын алу бойынша шараларды жалғастыруда.
1 шілдеден 21 шілдеге дейінгі кезеңде өткізу пункттерінде жалпы көлемі 112 тоннадан астам ЖЖМ заңсыз жылжытудың 1342 әрекеті тіркелді.
ҚАНДАЙ ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАНДЫ
Кінәлі тұлғалар ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылды.
ҰҚК қабылданып жатқан шаралар елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жанар-жағар май материалдарының көлеңкелі айналымының алдын алуға бағытталғанын атап өтті.
Ведомство бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатқанын да хабарлады.
КОНТЕКСТ
Бұған дейін Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) 2026 жылдың басынан бастап ЖЖМ заңсыз шығарудың 712 әрекетінің жолы кесілгенін, мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы мен контрабандасы фактілері бойынша 8 сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлаған болатын.
Сондай-ақ Маңғыстау облысында заңсыз шағын мұнай өңдеу зауыты анықталғаны, отын контрабандасымен айналысқан топтардың жолы кесілгені және «Түрксіб» станциясында заңсыз бензині бар 8 теміржол цистернасы ұсталғаны хабарланды.
Фонд-бюро расследования коррупции