2024 жылдың желтоқсан айының соңында Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Байқоңыр ауылдық округіндегі «АКАС» Агрофирмасы ЖШС құс фабрикасында жаппай тауық қырылуы орын алды.
«Мой Город» басылымының облыстық ветеринария басқармасына сілтеме жасап хабарлауынша, зерттеулер 126 мыс бас құстың пастереллезден қырылғанын көрсеткен. 31 желтоқсаннан бастап кәсіпорында шектеу шаралары қолданылады.
«АКАС» Агрофирмасы ЖШС құс фабрикасының аумағында жұмыртқалар өлген құстардың ұшаларымен бірге жойылды (өртелді). Құс шаруашылығы үй-жайларында механикалық тазалау және дезинфекция жүргізілді», - делінген хабарламада.
Пастереллезбен қаз, үйрек және тауық балапандары жиі ауыратыны атап өтілген.
_____________
Анықтама үшін: пастереллез – үй және жабайы жануарлардың жедел жұқпалы ауруы, адам үшін қауіпті. Жұғу ауа-тамшылы жолымен, ауру жануарлармен жанасу кезінде, жұқтырылған тамақ немесе су арқылы, сондай-ақ жұқтырылған жануарлардың шағуы кезінде болады.
Фонд-бюро расследования коррупции