Астанадағы өрттен үш бала қаза тапты
Астанадағы Есіл ауданында «Көркем-3» тұрғын үй кешенінің 15-қабатындағы пәтерде өрт болды. Өрт салдарынан үш бала қаза тапты, күйік алған әйел құтқарылып, ауруханаға жатқызылды. Ғимараттан 20-ға жуық адам эвакуацияланды, тағы 40-қа жуық тұрғын өздігінен шықты. ТЖД мәліметінше, тұраққа қойылған көліктер мен жабық кіреберіс салдарынан үйге кіру қиындаған. Оқиға фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, сараптамалар тағайындалды.
Фонд-бюро расследования коррупции