Skip to main content

АФМ және ҚазҰУ Алматыда ЖИ бойынша хакатон өткізеді

Submitted by Вера Александрова on
AFM AI Hackathon 2026

Алматыда IT-мамандары қаржылық қылмыстармен күресу үшін цифрлық құралдар әзірлейтін ауқымды хакатон өтеді.

ІС-ШАРАНЫҢ ТОЛЫҒЫ

Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен (ҚазҰУ) бірлесіп IT-мамандарды, аналитиктерді, әзірлеушілерді және жасанды интеллект саласындағы сарапшыларды «AFM AI Hackathon 2026» - жасанды интеллект, киберқауіпсіздік және деректер аналитикасы саласындағы инновациялық шешімдер байқауына қатысуға шақырады. 

Іс-шара 2026 жылғы 24–25 маусымда Farabi Hub (Алматы қ.) өтеді.

 

БАЙҚАУДЫҢ ҮШ БАҒЫТЫ

Қатысушылар үш бағыт бойынша жұмыс істейді:

  • Digital Shadow – көлеңкелі интернетті бақылау және ашық дереккөздерден (OSINT) мәліметтер жинау;
  • AI Shield – деректер қорын қорғау және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жасанды интеллект алгоритмдерін әзірлеу;
  • AI Media Watch – әлеуметтік желілердегі заңсыз ойын бизнесі мен қаржылық пирамидалардың белгілерін анықтау.

МАҚСАТ - НАҚТЫ ЦИФРЛЫҚ ШЕШІМДЕР

Хакатон «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында өткізіледі және экономикалық және қаржылық қылмыстарға қарсы іс-қимылдың озық құралдарын жасауға бағытталған. 

Ұйымдастырушылардың ниеті бойынша, қатысушылардың әзірлемелері ведомство жұмысында практикалық қолданыс табуы тиіс.
 
Тіркеу сайтта қолжетімді: www.qmahackaton.kz

Источник
пресс-служба департамента экономических расследований по городу Алматы