Skip to main content

Телефондық алаяқтар Астананың коммуналдық қызметтерінің атын жамылады

Submitted by Вера Александрова on
телефонные мошенники

Желіде алаяқтықтың жаңа схемасы туралы ақпарат таралуда. Зиянкестер азаматтарға қоңырау шалып, өздерін «Астана-РЭК» және «Астана су арнасы» қызметкерлері ретінде таныстырады. 

Telegram-арнасының «Astanovka98» мәліметінше, олар есептегіштерді міндетті түрде ауыстыру қажеттігі туралы хабарлап, 1414 нөмірінен келген SMS-кодты айтуды сұрайды. 

Осыдан кейін алаяқтар зардап шеккендерді олардың атына несие рәсімделіп жатыр деп сендіріп, «қорғау» сылтауымен келесі әрекеттерді орындауды талап етеді:

  • шоттағы барлық ақшаны алып, оны «Ұлттық банктің резервтік шотына» аудару; 
  • несие рәсімдеп, ақшаны «қауіпсіз шотқа» аудару;
  • депозиттен ақшаны алып, оны «арнайы қызмет» немесе «банк» өкілдеріне тапсыру.

Ресми ұйымдардың қызметкерлері ешқашан телефон арқылы SMS-кодтарды сұрамайтыны атап өтіледі. 

«Бұл кодтар құпия ақпарат болып табылады — оларды жария ету ақша қаражатын жоғалтуға және жеке деректердің жария болуына әкеп соғуы мүмкін», - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Алматы АФМ департаментінің қызметкерлері үш шетел азаматын ұстаған, олардың жалдамалы пәтерінде тінту кезінде алты алаяқтық SIM-box құрылғысы табылып, алынған болатын.