Заңгер және блогер Әділетхан Молдахан Алматыда 10 тәулікке қамалды.
Алматы соты заңгер және блогер Әділетхан Молдаханды көрінеу жалған ақпарат таратты деген іс бойынша 10 тәулікке қамауға алды. Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Бұған дейін оның ұсталғаны туралы көмекшілері хабарлаған, кейін бұл ақпаратты полиция растады.
Фонд-бюро расследования коррупции