Skip to main content

Ұлттық аңшылық федерациясының мүшесі Қызыл кітапқа енген құстарды заңсыз ұстады деген күдікке ілінді

Submitted by fbrk_news on
Член федерации по национальной охоте подозревается в незаконном содержании краснокнижных птиц

"Құсбегілік" Федерациясының мүшесінен Қызыл кітапқа енгізілген 35 сирек кездесетін жыртқыш құс тәркіленді. Тергеу нұсқасы бойынша, жергілікті тұрғын 2017 жылдан бастап Қарағандыдағы үйінің аумағындағы питомникте оларды заңсыз сатып алып, ұстаған.

ІС ҚАЛАЙ ТЕРГЕЛДІ

Павлодар облысы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) Департаменті сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген жыртқыш құстарды заңсыз сатып алу және ұстауда күдікке ілінген жергілікті тұрғынға қатысты тергеудің аяқталғанын хабарлады.

Тергеу деректері бойынша, 2017 жылдан бастап күдікті "Құсбегілік" Федерациясының және Қазақстанның құс салып ұлттық аңшылық құрамасының мүшесі бола отырып, Қарағандыдағы үйінің аумағында заңсыз питомник ұйымдастырған.

ҚАНДАЙ ҚҰСТАР ТАБЫЛДЫ

Тергеу нұсқасы бойынша, күдікті ұлттық аңшылыққа, құс салушы құстарды ұстауға және емдеуге арналған Instagram желісіндегі тақырыптық парақшаны табиғи мекендеу ортасынан алынған сирек кездесетін жыртқыштардың түрлерін жеткізген адамдармен байланыс орнату үшін пайдаланған.

Тұрғылықты жерінде тінту жүргізу кезінде 35 жыртқыш құс, оның ішінде ителгі, бүркіт және лашын табылып, тәркіленді. Барлық осы түрлер Қызыл кітапқа енгізілген және сирек кездесетін, жойылып кету қаупі төнген жануарларға жатады.

ҚАНДАЙ ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАНДЫ

Күдікті қамауға алынды. Сот санкциясымен оған тиесілі Toyota 4Runner автокөлігіне тыйым салынды.

Тәркіленген құстар уақытша ұстау үшін Қарағанды зообағына берілді. Сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін олар табиғи мекендеу ортасына жіберіледі.

Іс бойынша өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етілмейді.

Источник
пресс-служба Агентства по финансовому мониторингу
Наша редакция участвует в партнёрской сети «Все СМИ».